Навигация

Образовательные кредиты

Уральский государственный экономический университет

Северо-Казахстанский государственный университет им. М. Козыбаева

статистика посещений

«Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша оқытылатын мамандық түрлері және әрбір мамандық туралы толық ақпарат;




БАКАЛАВРИАТ - 5В010200 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша мамандарды даярлау 1983 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.

Біліктілік:

  • бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша «білім бакалавры» академиялық дәрежесі

Оқу мерзімі:

  • 4 жыл - күндізгі оқу бөлімі
  • 3 жыл - қысқартылған оқу бөлімі, орта кәсіби білім негізінде (күндізгі оқу бөлімі)
  • 4 - пән – биология
  • 3 жыл – қысқартылған оқу бөлімі, орта кәсіби білім негізінде (сырттай оқу бөлімі)
  • 2 жыл – қысқартылған оқу бөлімі, жоғары білім негізінде (сырттай оқу бөлімі)
  • 4 - пән – биология

Оқыту тілі: қазақша, орысша.

Кәсіптік қызмет түрлері: Мамандық түлектері мынадай кәсіптік қызмет түрлерін атқара алады:

  • жалпы орта білім беретін мектептерде, лицейлерде, гимназияларда бастауыш сынып мұғалімдері;
  • педагогика және әдістеме саласындағы пєндердің оқытушылары;
  • жалпы білім беретін мектептерде, лицейлерде, гимназияларда директордың оқу, тәрбие, ғылым ісі бойынша орынбасары;
  • білім беру департаментінің әдіскері.

Мамандық түлектері «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша магистратурада, докторантурада оқуын жалғастыра алады.

Университетте аталған мамандарды сапалы даярлау үшін барлық жағдай жасалынған. Материалдық-техникалық база қазіргі заман талаптарына сай.

5В011300-Биология

Түлектерге «білім бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.
Білім беру кезінде қазіргі заманауи білім технологияларына көп көңіл бөлінеді, биосфераның экологиялық мәселелеріне, білім беру мекемесінде биология бойынша ғылыми-зерттеу, оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыра білуді қалыптастырады. Сонымен қатар практикалық мамандандыруға көп көңіл бөлінеді: жалпы білім беретін мектептер, факультет зертханалары, әртүрлі ҒЗИ-ы ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға арналған база болып табылады.
Осы мамандықты бітірген түлектер мына мекемелерде жұмыс істей алады:
- оқу орындарында биология пәнінің оқытушысы,
- қосымша білім беруші оқытушылар, әдіскер, мектептен тыс оқу ұйымдарының бөлім меңгерушісі, экологиялық және мектеп өлкетану ұйымдарында қызмет істей алады. 
- қорықтарда, зоологиялық және ботаникалық бақтарда, өсімдіктерді қорғау станцияларында, ғылыми-зерттеу институттарында, мемлекеттік және табиғатты қорғау ұйымдарында, табиғат мұражайларында т.б. биолог маманы қызметін атқара алады.
Биолог-студенттер, 3 курстан бастап мына бағыттар бойынша ғылыми жұмыстармен шұғылдана бастайды: зоология; генетика; ботаника; биохимия; физиология; микробиология.

5В011600-География

Бітіруші түлектерге білім бакалавр академиялық деңгейі беріледі. Мамандарды дайындау кезінде оқу-әдістемені және білім беру мекемелерінде география пәні бойынша оқу-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра білуге аса көп мән береді. 
Мамандық түлектері келесідей мекемелерде қызмет ете алады:
- білім беру мекемелерінде география пәнінің оқытушысы;
- экологиялық және табиғатты қорғау ұйымдарының қызметкерлері;
- қорықшалар мен ұлттық саябақ кызметкерлері;
- гидрометеостанция мен туристтік фирма қызметкерлері.

5B070100 – Биотехнология

Бітіруші түлектерге техника және технология саласындағы бакалавр академиялық деңгейі беріледі. 
Бітіргеннен кейін түлектердің кәсіби жұмыс атқаратын орындары: 
- ғылыми-зерттеу институттары, биотехнологиялық, медициналық, ауылшаруашылық жоғары оқу орындары, 
- өндірістік кәсіпорындар микробиологиялық, фармацевтикалық тағам және өңдеуші зертханалар, ботаникалық бақтар, зоологиялық саябақтар, өсімдік қорғау станциялары, селекциялық станциялар, 
- ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын және қауіпсіздігін бақылау бойынша зертханалар болып табылады.

Мамандықтарды оқыту кредиттік технология бойынша оқытылады. Барлық мамандықтың студенттері оқу, далалық және аймақтық тәжірибелерден өтеді. Сырттай оқитын студенттер үшін орта арнайы және жоғары білім алуға мүмкіндіктері бар.
Мамандықтардың үздік студенттері 6М060700-Биология, 6М060800-Экология мамандықтары бойынша магистратурада және докторантура PhD 6D060700-Биология білімін жетілдіре алады.
Факультет студенттері электронды ресурстар залында, интернетте, лингофонды және компьютер кабинеттерінде, ғылыми кітапханада жұмыс жасай алады. Басқа қалалардан келген студенттер үшін жатақхана беріледі, жатақхананың бір жылдық төлемақысы 60 мың теңге. 
Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ студенттеріне демалуға және спорттың барлық түрлерімен айналысуға арналған студенттер сарайы, тұрмыстық және спорттық кешен, стадион, шаңғымен сырғанау базасы, студенттік емхана мен емдеу-сауықтыру орындары бар. Жазғы демалыс уақытында студенттер Топар су қоймасының жағысындағы спортттық-сауықтыру лагерінде демалуларына болады.

5B011100-Информатика (білімдегі)

Түлекке «5В011100-Информатика» мамандығы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Оқыту жалпы білім беру мекемелерінде ақпараттық–коммуникациялық құралдарды және программалау технологияларын қолдана отырып информатика пәнін оқытуда заманауи білім беру әдістерін игерген мамандарды дайындауға бағытталған.

5В011100 – Информатика мамандығының түлектері білім беруді ақпараттандыру облысында жан-жақты әрі терең білімдерді алып, информатиканы оқытудың кәсіби дағдыларын игереді. Мамандықтың түлектері оқушының тұлғалық және әлеуметтік дамуына бағытталған кәсіби іс-әрекеттерді жүзеге асыра алатын, оларға білім беру бағдарламаларын саналы түрде таңдауға және әрі қарай игеруге, жалпы мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік туғыза алатын; оқыту профиліне байланысты оқыту үрдісін ұйымдастыруға және жобалауға, оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана алатын; информатиканы оқытудың инновациялық әдістері мен технологияларын таңдау, бейімдеу және түрлендіру бойынша жүзеге асыра алатын профилді біліктіліктерге ие болады.

5В011100 – Информатика мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіби қызмет ету ортасына:

  • оқушыға білім беретін әрі дамытатын әртүрлі білім беру мекемелері мен орталықтары;
  • ақпаратты-технологиялық құралдар мен технологияларды қолданумен байланысты ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар.

Білім бакалавры жалпы білім беру ұйымдарында информатика пәнінің мұғалімі лауазымын, сонымен қатар білім беру мекемелері мен орталықтарында программист қызметін атқара алады.

5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиет

Оқу мерзімі: күндізгі бөлім: 3 жыл, 4 жыл

Сыртқы бөлім: 2, 3жыл

Кәсіби орта білімі бар студенттер қысқартылған (3 жылдық), жоғары білімі бар студенттер қысқартылған (2 жылдық) топтарға оқуға түсіп білімін жалғастыруына болады.

Кәсіби қызметтің нысандары мен түрлері:

  • білім: (жалпы орта білім беретін, кәсіптік орта білім беретін мектеп, мекемелер, гимназия, лицей, колледждердегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі);
  • ғылым зерттеу ісі: (зерттеуші-мұғалім, шығармашылық және басқа да жоба қызметкері);
  • БАҚ: (баспа редакторы, диктор);
  • Баспа ісі: (баспа редакторы);
  • Мемлекеттік қызмет: (мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдардағы түрлі деңгейдегі қызметкерлер.

Студент-түлектер университетті бітірген соң:

- лингвистикалық, өлеңтанушылық, әдебиеттанушылық сараптау түрлерін;

- көркем шығармаларға сыни мақалалар;

-әр түрлі көркем және ғылыми басылымдарға рецензия, аннотация, пікірлер;

- көпшілік алдында әртүрлі жанрларда сөз сөйлеуге мәтіндер дайындау;

-мәдени-бұқаралық және әртүрлі ойын-сауық шараларының сценарийлерін құрастыру;

-балалар және қоғамдық ұйымдарда тәрбие және мәдени-бұқаралық жұмыстар ұйымдастыруды игере алады.

Білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері білім ұйымдары, соның ішінде орта мектептер, бастауыш және мамандандырылған мектептер, орта техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары үшін 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша кәсіби білім беру саласында педагогикалық мамандарды даярлауға бағытталған. Қазақ тілі мен әдебиеті түлектері оқыту үрдісінде келесідей пәндік –спецификалық құзіреттіліктерді иеленеді:

- даярлаудың педагогикалық үрдісін әдістемелік негізді жоспарлау, бақылау және оған басшылық жасауға үйрену;

- педагогикалық қызмет жұмысын дұрыс ұйымдастыра білуге үйрену;

- өз жұмысын ғылыми негізде ұйымдастыруға үйрену, кәсіби қызмет аясына қажетті мәліметтерді біріктіру, сақтау және іріктеу сияқты компьютерлік амалдарды меңгеру;

Пәндік ерекшеліктерден қалыптасатын құзіреттіліктермен қатар студенттер пәнаралық құзіреттіліктерге ие болады, олар төмендегідей:

- педагогика, психология, физиологиялық білімдерді пайдалана отырып оқу-тәрбие жағдаяттарын талдауға үйрену;

- оқушыларды оқытуда инновациялық әдістерді қолдануға үйрену;

- қазақ, орыс және шет тілін меңгеру;

- қазақ тіл білімі және әдебиеттану бойынша білімдер негіздеріне үйрету, тарих кезеңдерін білу, тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелерін білу;

- оқушылар мен жаңа бастаған педагогтарды тәрбиелеуде жан-жақты әрі терең инновациялық әдістерге жүгіну;

-IT-технологияларды меңгеру.

5В012100 - «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы

Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын негізгі қатынас құралы. Қазіргі жас ұрпақ өз Отанына адал қызмет ететін, талабы мен білімі жоғары, өз ортасын жарып шыға алатын, әлемдік өркениетке ұмтылған, мемлекеттік тілді жетік меңгерген, көптілді маман болуы қажет. Осы орайда академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетіндегі 5В012100 – «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының маңызы ерекше. Қазіргі таңда жалпы орта білім беретін өзге тілді мектептердегі қазақ тілінің берілу сапасына заман талабы артып отырғаны мәлім.

Ұрпақ тәрбиелеу мәселесі – қоғам дамуының талабына қарай өзгеріп, дамып жетіліп отыратынын ескерсек, бұл мамандық иелерінің болашақта қазақ тілін жетік меңгерген, жан-жақты қалыптасқан тұлға тәрбиелеуде жауапкершілігі жоғары екенін байқаймыз. Шығармашылық ойлауы, рухани дамуы, интеллектуалдық өсуі қалыптасқан тұлға тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті. Бітіруші бұл мамандықты бітіргеннен кейін 5В012100- «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесін алады. Бұл мамандықты бітірушілер төмендегідей мамандықтарда жұмыс істей алады:

  • орта мектепте, гимназияда, лицейде, колледжде мұғалім;
  • мемлекеттік тілді оқытатын орталықтарда аудармашы;
  • секретар-референт;
  • мұрағатта, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда басшылық қызмет атқара алады.

Бұл мамандықтың қай уақытта болмасын болашағы зор.

5В010900 – Математика

Математика және ақпараттық технологиялар факультетінде 70 оқытушы, оның ішінде 4 ғылым докторы, 26 ғылым кандидаты жұмыс істейді. Факультетте мамандарды келесі төрт кафедра бойынша дайындайды: қолданбалы математика және информатика кафедрасы, проф. Т.Г.Мустафин атындағы алгебра, математикалық логика және геометрия кафедрасы, математикалық талдау және дифференциялдық теңдеулер кафедрасы, математиканы және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасы.

Түлектерге «5В010900-Математика» мамандығы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Оқыту үдерісінде студенттерге элементар математика, математиканы оқыту әдістемесі, математикадан сыныптан тыс жұмыс, математикалық есеп шешу практикумы пәндері бойынша білім мен біліктілікті қалыптастыру; педагогикалық үдерісті ұйымдастыру; компьютерлік жасақтама әдістерін игеру; студенттердің педагогикалық дағдыларын педагогикалық іс-тәжірибеде қалыптастыру және талдау, қорытындылау және тарату; дайындық профилі сұрақтары бойынша арнайы әдебиеттерге бағыттау; пән бойынша әдістемелік жұмысты жүргізу; математиканы педагогика мен психологияны оқыту әдістемесі облысында зерттеудің негізгі әдістері бойынша теориялық білімдерін жүйелеу; математикалық есептер моделін және т.б. зерттеу әдістері мен аппаратын дұрыс таңдау сияқты тәсілдер мен дағдылардың қалыптасуына аса назар аударылады. Студенттердің академиялық мобильділік бойынша шет мемлекеттерде білім алу мүмкіндігі бар екендігін атап өтуге болады.

Мамандық түлектері орта мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, орта мамандандырылған оқу мекемелерінде математика мұғалімі қызметінде жұмыс жасай алады.

Математика және ақпараттық технологиялар факультетінде «5В010900-Математика» мамандығы бағытында магистратура ашылған.

5В010300 – Педагогика және психология

Біліктілік: 5В010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесі

Оқу мерзімі:

Күндізгі оқу түрі

  • Орта білім негізінде – 4 жыл.
  • Орта кәсіби білім негізінде – 3 жыл.

Сырттай оқу түрі

  • Орта кәсіби білім негізінде – 3 жыл.
  • Жоғары білім негізінде – 2 жыл

Таңдау пәні – Биология.

Кәсіптік қызмет түрлері:

  • педагогикалық колледждерде оқытушы;
  • жалпы білім беретін мектептерде, лицейлерде, гимназияларда директордың оқу, тәрбие, ғылыми ісі жөніндегі орынбасарлар;
  • білім беру саласында психолог;
  • білім көтеру, біліктілікті арттыру және қайта даярлау институттарында маман;
  • кәсіби ғылыми-зерттеу ұйымдарында қызметкер.

Академиялық бакалавр дәрежесін алған түлектер 2004 жылы ашылған – Педагогика және психология 6М010300 мамандығы бойынша магистратурада оқуды жалғастыру мүмкіндігіне ие.

 

5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Біліктілік: 5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығы бойынша білім бакалавры академиялық дәрежесі

Оқу мерзімі:

Күндізгі оқу түрі

  • Орта білім негізінде – 4 жыл;
  • Орта кәсіби білім негізінде – 3 жыл.

Сырттай оқу түрі

  1. Орта кәсіби білім негізінде – 3 жыл;
  2. Жоғарғы білім негізінде – 2 жыл.

Төртінші пән – Биология.

Кәсіптік қызмет түрлері:

  1. мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеші;
  2. мектеп алды даярлық мұғалімі;
  3. білім беру департаментінің маманы;
  4. білім көтеру, біліктілікті арттыру және қайта даярлау институттарында маман.

Академиялық бакалавр дәрежесін алған түлектер 2004 жылы ашылған – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелу» 6М010100 мамандығы бойынша магистратурада оқуды жалғастыру мүмкіндігіне ие.

Мекен – жайымыз:100028, Қарағанды қ., Карбышев көш., 7, 11 – ғимарат, 304-каб. Тел.: (7212) 35-12-50

5В011400 – Тарих

Осы уақытқа дейін «Археология, этнология және Отан тарихы» кафедрасы мыңдаған мамандар даярлап шығарды. Олардың ішінде 150-ден астамы кандидаттар мен ғылым докторлары, мемлекет және қоғам қайраткерлері Президент аппаратының қызметкерлері, министрлер, оқытушылар, саяси партиялардың жетекшілері, ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, мұрағат пен мұражай қызметкерлері бар.

Мамандарды даярлау мемлекеттік және орыс тілдерінде жүреді.

Мемлекеттік «Серпін – 2050» бағдарламасы бойынша тарих факультетінде оқитын мамандық шифры 5В011400 «Тарих» (білім беру саласында. Түлектер бұл мамандықты бітіргенде төмендегідей қызмет атқара алады:

- орта білім жүйесіндегі мектептерде, орта арнаулы кәсіптік білім беретін оқу орындарында, лицейлерде, гимназияларда, колледждерде тарихшы-оқытушы;

- ғылыми-зерттеу институттарда, жоғары оқу орындарында, мұражайларда, мұрағаттарда, баспаларда, мәдени-ағарту мекемелерінде;

- мемлекеттік және қоғамдық басқару мекемелерінде, референттер және кеңесшілер болып қызмет атқара алады.

Бакалавриат түлектері магистр академиялық дәрежесін алу үшін 2 жылдық магистратурада білімдерін жалғастыра алады:

-Тарих» (гуманитарлық ғылымдар саласында);

-«Тарих» (білім беру саласында);

- «Археология және этнология» мамандығы бойынша білімдерін жалғастыра алады.

Кафедра алғашқылардың бірі болып Республикада 6D020300 «Тарих» PhD докторантура бағыты бойынша мамандар дайындайды.

2015 жылы тарих факультетіне түсу үшін талапкерлер мектептің жалпы білім беру бағдарламасына сәйкес 4 пән бойынша тест тапсырды; «Тарих» мамандықтары бойынша:

● Жалпы тарих

● Қазақстан тарихы

● Қазақ /орыс/ тілі

● Математика

Археология этнология және Отан тарихы кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының 75%-ның ғылыми дәрежесі бар. Бұл кафедра университеттегі жоғары біліктілікке ие ұжым.

 

Физика-техникалық факультетінде «Мәңгілік ел – жастар индустрияға. Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 3 мамандық бойынша даярлық жүргізіледі. Олар: 5В011000- Физика, 5В071700 – Жылу энергетикасы, 5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация.

5В011000 - Физика мамандығын даярлаушы «Физика және нанотехнологиялар» кафедрасы.

Мамандық студенттері жалпы және теориялық физика, физика және информатиканы оқыту әдістемесін, физиканы оқытудың жаңа оқыту технологияларын оқиды.

Сондай-ақ, оқу процесінде компьютермен жұмыс орындау дағдысын дамытып, сандық әдістер, компьютерлік графика, жоғары деңгейдегі бағдарламалау тілдерін, информациялық жүйелерді, физикалық есептерді компьютерлік модельдеу т.с.с. меңгеріп шығады.

Кафедраның профессорлары мен оқытушылары молекулалық және кванттық физиканың теориялық және практикалық мәселелері; физикалық электроника және электрондық оптика; жалпы және теориялық физиканың оқыту әдістемелері мен дидактикалық принциптері бағыттарында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Кафедрада механика, молекулалық физика, электр және магнетизм, физиканы оқыту әдістемесі, мектепте қолданылатын тәжірибелердің техникасы, физикалық емес мамандықтарға арналған оқу - әдістемелік зертханалар бар. Оқу-әдістемелік және кәсіби бағдарлау жұмыстары кафедраның Қарағанды қаласының № 92 мектеп гимназиясы, № 93 гимназиясы, “Дарын” мектебі және Бұқар-Жырау ауданының Үштөбе орта мектебінде орналасқан филиалдарында жүргізіледі.

Кафедра түлектері оқуларын аяқтағаннан кейін магистратураға, Ph докторантураға түсуге мүмкіндіктері бар. Жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, колледждерде сабақ бере алады.

Магистратураны аяқтағаннан кейін кафедрада, факультетте оқытушы болып қызмет атқаруға мүмкіндігі бар. Оқу процесінде студент халықаралық бағдарламаларға қатысып, шет елдерде оқуларын жалғастыру үшін жобаларға қатысуға және ғылыми-зерттеу институттарында, зауыт-фабрикалардың өндірістік зерттеу лабораторияларында қызмет ете алады.

5В071700 – Жылу энергетикасы мамандығын даярлаушы «Проф. Ж.С. Ақылбаев атындағы инженерлік жылуфизикасы» кафедрасы.

Орталық Қазақстан өңіріндегі өнеркәсіп пен коммуналды-тұрмыстық секторлар тұтынатын жылу және электр энергиясын отын қазбасынан рационалды алуды қамтамасыз ететін мамандарды дайындау қажеттілігіне байланысты жылу физика кафедрасы 1980 жылы ашылған.

Кафедра құрамында жоғарғы кәсіби деңгейде мамандар дайындауды жүзеге асыратын бір профессор, ғылым докторы мен алты ғылым кандидаттары және жас оқытушылар мен инженерлер бар.

Кафедрада оқыту аэродинамика, гидродинамика және жылумассаалмасу, электрогидродинамика, жану физикасы және т.б. зертханалық базаларында жүргізіледі.

Кафедраның халықаралық қарым-қатынасы Томск мемлекеттік университетімен, Новосибирск жылу -физика институтымен, Иркутск мемлекеттік университетімен, Кемеров мемлекеттік университетімен тығыз байланыс және екі жақтың студенттері мен оқытушылары арасында ғылыми тұрғыдан алмасу жасауға мүмкіндік береді.

Республикамыздың жылуэнергетикалық кәсіпорны мен ғылыми-зерттеу институттары, ҚР БҒМ экологиялық реттеу Комитетінің экология депопртаменті, Қарағанды облысының табиғатының қолданылуының реттеу және табиғи ресурстарды басқару орталықтары кафедраның өндірістік-тәжірибелік базалары болып табылады.

Профессор Ж.С. Ақылбаев атындағы жылуфизика кафедрасын бітірушілер тек ғылымда ғана ерекше мәртебелі болып қоймай, сонымен қатар, қала мен облыстың коммуналдық және жылу энергетика саласында, табиғатпен еңбек қорғау құралдары мен құтқару техникасы, төтенше жағыдайлар мен қоршаған ортаны қорғау саласында жауапты қызмет атқаратын ең қажетті мамандар болып табылады.

5В071700 – Жылу энергетикасы мамандығының түлектері:

- ҚарМУ-дің физика факультетінің магистратурасында, докторантурасында немесе Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында және ТМД елдерінде оқуын жалғастыра алады;

- жоғары және орташа арнайы оқу орындарында дәріс бере алады;

- жылу энергетикалық кәсіпорындарда (ЖЭО, ГРЭС), өндірістік энергетика салаларында (қазандық станциялары, жылу желілері), сонымен қатар барлық өндірістік кәсіпорындарындағы жылыту жүйелері, желдету, ыстық сумен және технологиялық бумен қамтамасыз ету қызметтерінде жұмыс істей алады;

- табиғатпен еңбек қорғау құралдары мен құтқару техникасы, төтенше жағыдайлар мен қоршаған ортаны қорғау және өндіріс орындарының шаруашылық жұмыстарына экспертиза мен аудит жүргізетін, адам тіршілігі мен қоршаған ортаның қауіпсіздігін іске асыруға экспертиза жасайтын маманы болып жұмыс істей алады;

- ғылыми-зерттеу және жобалау институттарында жылу физика, жылу энергетика, аэродинамика және т.б. салалары бойынша ғылыми технологиямен, іргелі және қолданбалы мәселелермен айналыса алады.

5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығын даярлаушы «Радиофизика және электроника» кафедрасы.

Мамандық түлектері төмендегідей жұмыстарға орналаса алады:

  • жоғарғы оқу мекемелерінде, ғылыми-зерттеу институттарында, жобалау және конструкторлық бюроларда, өндірістік зертханаларда инженер-зерттеуші болып;
  • радио және теле орталықтардың, стандарттау, метрология және сертификация орталықтарының маманы болып; телекоммуникациялық фирмалар;
  • құрал жасау саласында физик-зерттеуші болып;
  • қолданысы кең күрделі электрондық техниканы жөндеуші инженер болып.

- Байланыс желілерінде және көпарналы телекоммуникация жүйелерде оптикалық диапазонды, жер серіктік және жылжымалы байланыс жүйелерін қоса алғанда инженер болып істей алады.

Мамандық студенттері төмендегі бағыттар бойынша білім алады: шалаөткізгіштер физикасы, микропроцессорлы техника, өндірістік процестерді автоматтау және қазіргі заманғы құралдардың сұлба техникасы, электромагнит дабылдарын тудыру, күшейту және тасымалдау әдістері мен құралдарын жасау ғылымы мен техникасы.

Мамандық студенттерін даярлауда 12 зертхана жұмыс жасайды, оның 2-і болашағы зор бағыттардың бірі – датчиктер мен электрондық компоненттерді жасау бағыты бойынша, миллиметрлік диапазондағы жер бетін қашықтықтан бедерлеуәдістерін құру, сутекті байланысы бар кристалдардағы диэлектрлік релаксацияларды зерттеу, оптоэлектрондық қондырғылардың функционалдық элементтерін құруға арналған молекулалардың қозған күйлерін фотофизикалық құбылыстардың көмегімен зерттеуге мүмкіндік береді

Мамандық студенттері ағылшын тілі және компьютерлік технологиялар бойынша арнайы дайындықтан өтеді. Түлектердің магистратураға түсу мүмкіндіктері бар.

Өндірістік практиканы студенттер қаланың алдыңғы қатарлы техникалық өнеркәсіптерінде өтеді. Олар: АҚ «Қазақтелеком», ЖАҚ «Радиотелетарату қарағанды облыстық дирекциясы», АҚ «Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясы», АҚ «Есептеуіш техника және информация», АҚ «Казчерметавтоматика», ТОО «Қарағанды Су», АҚ «Арселор Миттал Темиртау», Қарағанды облысы бойынша ТЖ департаменті, АҚ «Қазақстан Теміржолы», ТОО «Ray Wind».

 

5В011200 - Химия

Жалпы сипаттама

5В011200-Химия мамандығы бойынша білім бакалаврының құзыреттілігін қалыптастыру үшін оқу жоспарындағы оқытылатын оқу пәндеріне бөлінген кредиттер көлемі жеткілікті. Бітіруші білім беру бағдарламасын меңгерген соң «Химия мамандығы бойынша білім бакалавры» біліктілігін иеленеді.

Оқу жоспарындағы барлық пәндер білім саласындағы маманның құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған. 5В011200 Химия мамандығы бойынша білім бакалавры міндетті:

  • қоғамдық ой-пікірлерге, салт-дәстүрлерге, қоғамдық нормаларға негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу және оларға өзінің кәсіби қызметімен жақындау;
  • іскерлік этика нормасын қадағалау, жүргізудің этикалық және құқықтық нормаларды иелену;
  • Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері мен мәдениетін білу;
  • әлемнің басқа халықтарының салт-дәстүрлері мен мәдениетіне толерантты болу;
  • Қазақстанның заңнамаларын және құқықтық жүйенің негіздерін білу;
  • Қоғамның әлеуметтік даму тенденцияларын білу;
  • әр түрлі әлеуметтік жағдайларға сәйкесінше бағдарлана білу;
  • топта жұмыс жасай білу, өзінің көз қарасын нақты жеткізу, жаңа шешімдер ұсыну.

Білім беру бағдарламасының мақсаты

«5В011200-Химия» білім беру бағдарламасының мақсаты болып табылады: Қазақстан Республикасының білім жүйесі үшін білім сапасын қамтамасыздандыру және бәсекегеқабілетті, инновациялық білім мен технологияларды меңгерген, біртекті кәсіби дамыған, әлемдік серіктестіктің глобалды жағдайларында сапалы білім қызметтерін көрсетуге қабілетті білікті педагогтарды дайындау.

Біліктілігі

5В011200-Химия мамандығы бойынша оқуын тәмамдаған бітірушіге «5В011200-Химия мамандығы бойынша білім бакалавры» академиялық дәрежесімен тағайындалған жоғары білім туралы диплом беріледі.

Құзыреттілік

ЖОО білім беру бағдарламасы білім алушының құзыретті жетістіктеріне бағытталған.

Түйінді құзыреттерге

 - қалыптастырушы: педагогикалық мақсат қою саласындағы білімдерді, біртұтас педагогикалық процесті жобалау және жүзеге асыру біліктері мен дағдыларын меңгеруі, позитивті ойлауға қабілетті болу, ұлттық құндылықтар жүйесінде орын алу, этикалық құндылықтар жолын ұстану, ізгілікке және оптимизмге бейім болу;

- жүйелеуші: синергетикалық, әлеуметтік, педагогикалық жүйелер (жүйелік тұрғы, педагогикадағы жүйелік принципі) саласындағы білімдерді меңгеру, психологиялық-педагогикалық білімдер бойынша іздену, формализациялау, құрылымдау және жүйелеу біліктері мен дағдыларын меңгеру, педагогикалық болмысты тұтас қабылдауға және жүйелі ойлауға қабілетті болу;

- зерттеушілік: гносеология, әдіснама, педагогика және психология саласындағы білімдерді меңгеру, ақпараттарды басқару дағдылары мен біліктерінің болуы, психологиялық-педагогикалық диагностика, талдау және синтез негізінде кешенді мониторингті жүзеге асыру, педагогикалық рефлекцияға қабілетті болу, зерттеу мәдениетін жетілдіруге ұмтылу;

Пәндік құзыреттерге:

- коммуникативті: қазақ, орыс, шетел тілдері, қарым-қатынас технологиясы, педагогикалық риторика және конфликтология, коммуникативті стратегия саласындағы білімдерді меңгеру, конструкциялық диалог ауқымындағы біліктері мен дағдыларының болуы, көпмәдениетті, көпэтникалы, көпконфессионалды қоғамдағы қарым-қатынас, педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті және толерантты болу;

- технологиялық: педагогикалық инноватика, педагогикалық технология саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық технологияларды пайдалану мен осы салада іздену, бағалау, саралау және қолдану біліктері мен дағдыларын меңгеру, жаңашылдыққа қабілетті болу, педагогикалық шеберлікті жетілдіруге ұмтылу, ынталылығы мен еңбекқорлығын көрсете білу;

- бақылаушы: педагогикалық менеджмент саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық мониторингті іске асыру, педагогикалық өлшемдер мен индикаторлар жүйесін жасау, бақылау-бағалау материалдарын әзірлеу, алынған нәтижелерді түсіндіріп беру біліктері мен дағдыларын меңгеру, өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылауға, әділдікке, ақиқатқа ұмтылу;

Арнайы құзыреттерге:

 - бағдарламалық: пәндік, психологиялық-педагогикалық және әдістемелік білімдер жүйесін, нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайды ескере отырып кәсіби қызметте теориялық білімдерді қолдана алу біліктері мен дағдыларын меңгеру, педагогтың кәсіби парызын ұғыну, педагогикалық қызмет нәтижесіне жауапкершілікпен қарауы;

- пәнаралық: педагогикалық интеграция теориясы саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалыұ міндеттерді шешуде түрлі пәндер салаларындағы білімдерді біріктіру біліктері мен дағдыларын меңгеру, әлеуметтік серіктестікке және педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті болуы;

- әлеуметтік: адам құқықтары (білім беру мен баланы қорғау саласындағы халықаралық нормативті-құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасының заңнамалары) саласындағы білімдерді меңгеру, бала құқығы мен мүддесін қорғау біліктері мен дағдыларын меңгеру, кәсіби абырой мен педагог қадыр-қасиетін, сондай-ақ педагогикалық эитка нормаларын сақтау, педагог мамандығының әлеуметтік маңыздылығын ұғыну, балалардың азаматтық құқықтарын құрметтеуі;

- дамытушы: заманауи педагогикалық антропология саласындағы білімдерді меңгеру, жоғары кәсіби педагогтардың іс-тәжірибелерін оқып-білу, жинақтау, тарату және қолдана білуі мен дағдыларын меңгеру; педагогикалық қызметте жоғары мотивацияға ие болу, өз бетімен білім алуға және өзін-өзі тануға ұмтылуы;

- креативтік: шығармашылық қызметтің теориялық негіздері, шығармашылық психологиясы саласындағы білімдерді меңгеру, кәсіби қызметті қайта қарау, білім берудегі авторлық жаңашылдық идеяларды іске асыру, стандартты емес және альтернативті шешім таба білу біліктері мен дағдыларын меңгеру, сыни тұрғысынан ойлауға, жаңа педагогикалық идеяларды генерациялауға қабілетті болу;

- ұйымдастырушы-әдістемелік: оқу-инструктивті құжаттамалар, білім беру саласындағы нормативті-құқықтық құжаттар туралы білімдерді меңгеру, ағымдық оқу-ұйымдастыру құжаттамаларын (дидактикалық, бақылау-қлшеу материалдары және т.б.) жетілдіру біліктері мен дағдыларын меңгеру, жоғары орындаушылық тәртібі мен ұйымдастырушылық қызметті жүзеге асыруға қабілетті болу жатады.

Қызмет саласы

5В011200 – Химия мамандық бакалаврының кәсіби қызмет саласы болып табылады: білім, өндіріс, педагогикалық ғылыми-зерттеу ұйымдары, жобалау, өндірістік басқару және мекемелердің ұйымдастыру-технологиялық қызмет салаларында.

«Химия мамандығы бойынша білім бакалаврының» кәсіби қызмет нысандары болып табылады: негізгі орта және бейіндік мектеп, мамандандырылған мектеп, техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдар.

5В011200-Химия мамандығы бойынша бакалаврлар келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:

  • ұйымдастыру-басқару;
  • білімділік;
  • эксперименттік-зерттеу;
  • әлеуметтік педагогикалық;
  • оқу-тәрбиелік;
  • оқу-технологиялық.

Химия мамандығы бойынша білім бакалавры келесі қызметтерді атқара алады: химия мұғалімі, лаборант, инженер, кіші ғылыми қызметкер, әкімшілік қызметкер, оқу жөніндегі директор орынбасары, директор, үйірме басшысы және т.б. Оқу-тәрбиелік ұйымдардарда және жалпы орта білім мекемелерінде, кәсіби-техникалық білім беруде, арнайы орта білім беруде, мектептен тыс ұйымдарда және қосымшаландырылған білім және тәрбие мекемелерінде.

Бітірушінің кәсіби қызметінің нысандары

- негізгі және бейіндік мектептер;

- мамандандырылған мектептер;

- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары болып табылады.

Бітірушінің кәсіби қызметінің түрлері

- білімдік;

- эксперименттік-зерттеу;

- ұйымдастыру-басқару;

- әлеуметтік-педагогикалық;

- оқу-тәрбиелік;

- оқу-технологиялық болып табылады

Бітірушінің кәсіби қызметінің міндеттері

білімдік қызмет саласында:

- білім алушыларды оқыту мен дамыту, оқыту және тәрбиелеу процесін ұйымдастыру;

- педагогикалық қызметттің нәтижелерін коррекциялау, жобалау, диагностика жасау;

- мектепте, орта арнайы оқу орындарында сабақ беру;

эксперименттік-зерттеу қызметі саласында:

- ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқып-білу;

- Химия мамандығы бойынша білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу және қорыту;

- педагогикалық эксперимент өткізу, оның нәтижелерін оқу процесіне енгізу;

ұйымдастыру-басқару қызметі саласында:

- Химия мамандығы бойынша білім беру мазмұнын әр түрлі деңгейде жоспарлау,

- оқыту процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістерін анықтау;

әлеуметтік педагогикалық қызмет саласында:

- білім алушылардың ӛмір сҥруіне, тәрбиеленуі мен дамуына қолайлы жағдай жасау және педагогикалық қолдау көрсету;

оқу-тәрбиелік қызмет саласында:

- оқу-тәрбие жұмыстарын педагогикалық процестің заңдары, заңдылықтары, принциптері, тәрбиелік механизмдеріне сәйкес іске асыру;

- сыныптан тыс тәрбие жұмысын жоспарлау;

- нақты тәрбиелік міндеттерді шешу,

- химия пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарда оқыту мен тәрбиенің әр түрлі формалары мен әдістерін таңдау және қолдану;

- оқушылар ұжымымен, осы сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен, ата-аналармен байланыс орнату;

оқу-технологиялық қызмет саласында:

- оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдану.

5В050720-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы

Жалпы сипаттама

5В050720 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша білім бакалаврының құзыреттілігін қалыптастыру үшін оқу жоспарындағы оқытылатын оқу пәндеріне бөлінген кредиттер көлемі жеткілікті. Бітіруші білім беру бағдарламасын меңгерген соң «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша білім бакалавры» біліктілігін иеленеді.

Оқу жоспарындағы барлық пәндер білім саласындағы маманның құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған5В050720- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша білім бакалавры міндетті:

  • қоғамдық ой-пікірлерге, салт-дәстүрлерге, қоғамдық нормаларға негізделген әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу және оларға өзінің кәсіби қызметімен жақындау;
  • іскерлік этика нормасын қадағалау, жүргізудің этикалық және құқықтық нормаларды иелену;
  • Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері мен мәдениетін білу;
  • әлемнің басқа халықтарының салт-дәстүрлері мен мәдениетіне толерантты болу;
  • Қазақстанның заңнамаларын және құқықтық жүйенің негіздерін білу;
  • Қоғамның әлеуметтік даму тенденцияларын білу;
  • әр түрлі әлеуметтік жағдайларға сәйкесінше бағдарлана білу;
  • топта жұмыс жасай білу, өзінің көз қарасын нақты жеткізу, жаңа шешімдер ұсыну.

Біліктілігі

5В050720- Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша оқуын тәмамдаған бітірушіге «5В011200-Химия мамандығы бойынша білім бакалавры» академиялық дәрежесімен тағайындалған жоғары білім туралы диплом беріледі.

Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша білім бакалавры келесі қызметтерді атқара алады: химия мұғалімі, лаборант, инженер, кіші ғылыми қызметкер, әкімшілік қызметкер, оқу жөніндегі директор орынбасары, директор, үйірме басшысы және т.б. Оқу-тәрбиелік ұйымдардарда және жалпы орта білім мекемелерінде, кәсіби-техникалық білім беруде, арнайы орта білім беруде, мектептен тыс ұйымдарда және қосымшаландырылған білім және тәрбие мекемелерінде.

Бітірушінің кәсіби қызметінің нысандары

  • технолог;

-инженер

- химик-технолог

-маман

-орта арнайы оқу орындарының оқытушылары және т.б

Бітірушінің кәсіби қызметінің түрлері

- білімдік;

- эксперименттік-зерттеу;

- ұйымдастыру-басқару;

- әлеуметтік-педагогикалық;

- оқу-тәрбиелік;

- оқу-технологиялық болып табылады

5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі

5В011900 - Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша бітірушіге «білім бакалавры» дәрежесі беріледі.

Оқыту барысында фундаменталды және арнайы мамандандырылған шетел тілінде мамандық бойынша даярлауға көңіл бөлінеді; білім беру мекемелерінде шетел тілінде оқу-әдістемелік, оқу-зерттеушілік жұмыстарды кұру біліктерін ұйымдастыруға; оқытудың әдістемесі мен технологиясын жетілдіруге; педагогика аясында өзекті зерттеулер бағыттарын анықтай алуға; шетел тілін әр түрлі деңгейлерде оқыту мазмұнын жоспарлауға; оқу-білім беру үдерісін ұйымдастыру мен өткізу әдістерін анықтауға; шетел тіліндегі құзыреттілікті қалыптастыруда сапа мониторингін жүзеге асыруға.

Мамандық түлектері шетел тілі мұғалімі болып жұмыс істей алады:

-жалпы білім беру мектептерде;

-арнайы мамандандырылған мектептерде (шетел тілін тереңдетіп оқытатын мектептерде және шетел тілін пән ретінде оқытатын мектепте);

-орта техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде.

Студенттерге екінші тілді таңдау мүмкіндігі берілген:

- неміс тілі,

- француз тілі,

- қытай тілі.

Мамандықта студенттердің академиялық мобильділігі дамыған. Осы бағытта 5В011900 - Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы аясында студенттер келесі жоғары оқу орындарында оқу мүмкіндектері бар, олар: Шихэцзы Университеті (Қытай), Новосібір мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей), Вильнюс қаласы Университеті (Литва), Теннис Университеті (АҚШ), Лунда қаласы Университеті (Швеция), Улудаг Университеті, Бурса қаласы (Турция).









[ Вернуться назад ]


Қазақша
Русский
English

Новости Университета
26.05 ВНИМАНИЮ СТУДЕНТОВ!
Вы можете принять участие в Республиканской летней программе IT–стажировок methodpro.
24.05 23 мая 2017 года в пресс-центре Дворца студентов состоялась диалоговая площадка на тему «Взгляд в будущее глазами молодежи. Модернизация общественного сознания», организованная Комитетом по делам молодежи КарГУ.
24.05 23 мая 2017 года в целях популяризации Программной статьи Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» - «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания», а также привлече
23.05 23 мая 2017 года. Команда КарГУ в составе студентов специальностей "Экономика", "Мировая экономика" и "Биология" (Карибаева А.Б., Жаусанова Д.Г., Асан С.Д.) заняла 1 общекомандное место на IX Международном чемпионате "Молодежь и предприн
19.05 7-8 сентября 2017 года Казахстанская ассоциация организаций нефтегазового и энергетического комплекса KAZENERGY совместно с компанией «Шелл Казахстан» в рамках IX Молодежного Форума KAZENERGY планируют провести игры «STUDENT ENERGY CHALLENG

Культурная жизнь
19.05 Концерт Фархада Маденова
10.05 6 мая 2017 года прошла 72-я легкоатлетическая эстафета на призы областной газеты «Индустриальная Караганда», посвященная Дню Победы. Команды Карагандинского государственного университета им. академика Е.А. Букетова (трудового коллектива и м
10.05 5 мая 2017 года в Карагандинском государственном университете имени академика Е.А. Букетова состоялась праздничная программа, посвященная Дню защитника Отечества и 72-й годовщине Победы в Великой Отечественной войне.
02.05 27 апреля 2017 года в Карагандинском государственном университете прошел региональный фестиваль национальных культур «Біз - бір ел, бір халықпыз!» - «Мы одна страна, один народ!», посвященный Празднику единства народа Казахстана.
02.05 26 апреля 2017 года юбилейным концертом народный ансамбль танца «Жаркын» Карагандинского государственного университета имени Е.А. Букетова отметил свое 40-летие. Поздравляем народный ансамбль танца «Жаркын» с 40-летием творческой деятельнос
Главная | Форумы | Ссылки