Навигация

Образовательные кредиты

Уральский государственный экономический университет

Северо-Казахстанский государственный университет им. М. Козыбаева

статистика посещений

ҚарМУ-дың материалдық-техникалық базасы




ҚарМУ-дың материалдық-техникалық базасы

1. Оқу орыны туралы мәлімет

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 1938 жылы КСРО Халық Комиссарлар кеңесінің (7.05.1938ж. №40-200-1) және ҚазССР Халық Комиссарлар кеңесінің (9.05.1938 ж. № 454/12) шешімімен ашылды. Мұғалімдер институтында қазақ және орыс тілінде математика, тарих пәндерінің мұғалімдерін даярлады.

1952 жылы Мұғалімдер институтының базасында КСРО Министрлер кеңесінің №716 өкімімен Педагогикалық институт құрылды, онда үш факультетте 10 мамандық бойынша кадрларды даярлау жүзеге асырылды.

Педагогикалық институт базасында Қазақстан КП ОК және ҚазССР Министрлер кеңесінің 1972 жылғы 1 наурызындағы №73 қаулысымен Қарағанды мемлекеттік университеті құрылды.

ҚазССР Министрлер кеңесінің 1992 жылғы 19 тамызындағы қаулысымен Қарағанды мемлекеттік университетіне оның бірінші ректоры академик Е.А.Бөкетовтың есімі берілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 7.05.1996 ж. № 573 қаулысымен және ҚР БҒМ 23.05.1996 ж. №143 бұйрығына сәйкес Қарағанды педагогикалық дене тәрбиесі институты базасында Министрлер кеңесінің 19.04.1984 ж. № 331қаулысымен 1984 жылы құрылған, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетіне Қарағанды педагогикалық институты біріктірілді.

Оқу орнының материалдық-техникалық базасы

Университеттің жалпы алаңы 135600,5 ш.м. құрайды, оның 87099,60 ш.м. пайдалы алаң болып табылады. Университет инфрақұрылымында мультимедиялық дәрісханалар, мамандандырылған электронды ресурс залдары, компьютерлік және тьютерлік сыныптар, лингафондық кабинеттер, ілеспе аударма кабинеті, студиялық павильон, жекелеген мамандандырылған диссертациялық жұмыстар мен PhD докторлық диссертацияларды орындауға арналған арнайы залдар, ғылыми институттар, орталықтар және зертханалар, Студенттер сарайы, баспахана, санаторий-профилакторий, медициналық пункттер жұмыс жасайтын 11 оқу ғимараты бар. Университетте қазіргі заманғы спорт залдарымен қоса, тренажер залы, гимнастика залы, жекпе-жек залы, спорттық ойын залы, жеңіл атлетикалық манеж залдары бар.

Оқу бөлмелері заманауи оқу жиһазымен, компьютерлік техникамен, дәстүрлі және мультимедиялық тақтамен, стендтермен, зертханалық жабдықтармен, көрнекі стендтермен жабдықталған.

ҚарМУ-да ПОҚ және студенттерге қызмет көрсететін 5 асхана бар. Жатақханаларда студенттерге, магистранттар мен оқытушыларға, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттерге арналған бөлмелер бар.

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында және Топар кентінде қажетті материалдық базамен қамтамасыз етілген, университеттің тәжірибелік базасы бар.

Университет инфрақұрылымының құрамына жалпы көлемі 464 ш.м. қамтитын редакциялық бөлім, компьютерлік цех, баспа-түптеу цехы, кесу цехы, қатты мұқаба цехы, өрнектеу және ламинаттау баспасы кіреді.









[ Вернуться назад ]


Қазақша
Русский
English

Новости Университета
29.03 Факультет математики и информационных технологий Карагандинского государственного университета имени академика Е.А.Букетова 22 апреля 2017 года проводит XXIII региональную научно-практическую конференцию «Высшая математика и школа» среди уч
29.03 13-14 апреля 2017 года на базе Карагандинского государственного университета им. Е.А. Букетова будет проведена IХ Республиканская студенческая олимпиада по специальности 5В090500«Социальная работа».
28.03 19 марта 2017 года в г. Алматы на чемпионате Республики Казахстан по «Қазақ күресі» студент 3-курса факультета физической культуры и спорта КарГУ им. Е.А. Букетова Хуанбай Еламан занял III-место в весовой категории 60 кг. Поздравляем поб
27.03 27 марта 2017 года. Студенты исторического факультета Азамат Ж., Санак А., Туткыш А., Ханатбекова К. завоевали 1 место на VI Международной дистанционной предметной олимпиаде по специальности «История Казахстана».
24.03 16-17 марта 2017 года в КарГУ им. Е.А. Букетова прошла IX Республиканская студенческая предметная олимпиада по специальности 5В010700 – «Изобразительное искусство и черчение», посвященная истории казахского народа в современном изобразитель

Культурная жизнь
17.03 Празднование Наурыз в Карагандинском государственном университете им. академика Е.А. Букетова
06.03 3 марта 2017 года во Дворце студентов КарГУ им. Е.А. Букетова состоялась праздничная программа, посвященная Международному женскому Дню 8 марта.
03.03 28 февраля 2017 года в целях выявления и поддержки студенческой молодежи, принимающей активное участие в учебной, научной, общественной и творческой жизни университета во Дворце студентов КарГУ был проведен конкурс «Лучшая с
27.02 24 февраля 2017 года студенты и преподаватели Карагандинского государственного университета имени академика Е.А. Букетова побывали на премьере спектакля «Игра вслепую» Карагандинского государственного Ордена Дружбы народов русского драматич
22.02 17 февраля 2017 года во Дворце студентов КарГУ состоялся конкурс «Мисс и Мистер Университет – 2017», в котором приняло участие 20 студентов факультетов университета.
Главная | Форумы | Ссылки